Алматыда тағы да креативті кеңістіктер құрылады

2048
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімі Ерболат Досаев  әлеуметтік-мәдени кеңістіктің тең авторы Дәурен Төлеевпен, басқарушы серіктестер Рустам Қожағалиев және Нафисат Ермағамбетовамен қаланың креативті индустрияларын дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

 Бәрібаев көшесі, 36-шы үй «36-шы үй» - алаңы 1,5 мың шаршы метрден асатын заманауи креативті кеңістік, мұнда өнер мен мәдениет саласындағы жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады. Жоба 13 тұрақты резидентті,  сәулет бюросын, балет мектебін, білім беру қызметін, оның ішінде NEET жастарын оқытатын, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін үйірмелерді және басқаларды біріктіреді.

«36-шы үй» жобасы 2020 жылдың сәуір айында іске қосылды және бүгінде креативті индустрия өкілдері үшін өзіндік тартылыс орнына айналды. Қысқа мерзім ішінде жобаны ұйымдастырушылар 100 – ге жуық түрлі іс-шараларды  - көрмелер, концерттер, вернисаждар, театр қойылымдарын, фестивальдарды, тәлімгерлік және бизнесті дамыту  бағдарламаларын және тағы басқаларын өткізді. Аталған шаралармен жалпы 25 мыңнан астам адам қамтылды.Кездесу барысында әлеуметтік-мәдени кеңістіктің өкілдері қала басшысына жобаның ауқымын  ұлғайтуды, яғни Алматының басқа  да аудандарында жаңа креативті кеңістіктер құруды ұсынды.

Ерболат Досаев бұл идеяны қолдады, сондай-ақ жоба резиденттерін перспективалы қалалық жобаларды, қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде оларды тұжырымдама сатысында әзірлеуге қатысуға шақырды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің арнайы бағдарламалары аясында жастарды оқытуға қатысуды ұсынды.

Қазіргі уақытта Алматыда креативті индустрия саласында 27 200 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 22 020. 2017 жылдан бері ақпараттық жүйелерді жобалау, бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-порталдарды әзірлеу, музыка, киноиндустрия, жарнама, маркетинг, білім беру және мәдениет саласындағы креативті қызметтің едәуір өскенін көрсетті.

Пікірлер