Шыңғыс Мұқан: Президенттің ғалымдармен кездесіп жүргенін жақсылыққа балаймын

2007
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Нью-Йоркте бірқатар кездесу өткізіпті. Солардың ішінде профессорым Рикардо Хаузманнды көріп қуанып қалдым. Оның күрделілік теориясы негізінде "Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін не істемек керек" деген тақырыпта тезис қорғағам. Өте өзекті тақырып. Дамығымыз келсе, жалғыз ғана жол бар, ол - күрделілік теориясы бағыттайтын жол.

Өркендеген кез келген ел дамудың құпиясын ашқан профессор Хаузманның нұсқап отырған жолымен жүріп өткен.

Екі ауыз сөзбен жеткізер болсам: Экономикамыз орнықты даму үшін біз күрделі тауарларды шығаруымыз керек. Ал күрделі тауар шығару үшін қазақтардың басында күрделі ноу-хау (Ыбырайша айтсақ, өнер) болу керек. Ол өнерді қалай қондырамыз, өз алдына бөлек әңгіме.

Осы тұрғыдан алсақ, Президенттің техникалық мамандықтарға ден қойып отырғаны сол Хаузманның кеңесі болса керек деп топшылап отырмын.


Америкадан оралғанымда осы теория негізінде талдау орталығын ашып, Қазақстанды қайтсек дамытамыз деген тақырыпты одан әрі зерттеп, көп сұраққа жауап іздесем бе деген едім. Бұл жоспарым әлі орындалмай тұр. Мемлекеттік қызметтен кеткен соң, осы жоспарға қайта оралам.

Жалпы, Хаузманн өте қарапайым адам. Кез келген уақытта есігі ашық. Үйге келіп, Азаттың тұсауын кесіп берді. Қазақстанның экономикасын бес саусақтай біледі.

Ли Куан Ю де өз кітабында ғалымдармен көп ақылдасқанын жазады. Профессорлардан ақыл сұрау үшін Америкада бірнеше ай жүреді. Қасым-Жомарт Кемелұлының ғалымдармен кездесіп жүргенін жақсылыққа балаймын.

Шыңғыс Мұқан instagram парақшасынан

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер