«2023 жылы Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығады»: Министрлік түсініктеме берді

2752
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2023 жылдың басында Қазақстан ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатып қоюды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама тарады. Таралған ақпаратта мүшеліктен шығу туралы ресми мәлімдеме бірінші қаңтарда жасалатыны айтылған. Бұл жалған болып шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы туралы жекелеген әлеуметтік желілерде тараған ақпарат – фейк және шындыққа жанаспайды. Қазақстан ҰҚШҰ құрылғалы оған мүше, осы ұйымның белсенді қатысушысы болып табылады. ҰҚШҰ-ға мүше болу еліміздің ұлттық мүдделеріне толық сай келеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартта оған қатысушы мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заңды түрде міндеттейтін кепілдіктер көзделген. Бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде халықаралық терроризмге, заңсыз көші-қонға, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмыстылыққа, ақпараттық саладағы қатерлерге бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау дағдылары пысықталады. Яғни, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, еліміздің ҰҚШҰ-ға қатысуы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарында қарастырылған. Жалпы, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Пікірлер