Назарбаев атындағы нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс — Тоқаев

3156
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев атындағы нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс деп санайды. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.

Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс»,—деді ол.

Пікірлер