Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқандар ұсталды

1730
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының дерегінше, заңға қарсы әрекет еткендер шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға сатпақ болған. Бүгінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде»,—деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Пікірлер