Ақсу ауданында медицианлық пункт ашылды

1909
Adyrna.kz Telegram

Ақсу  ауданы Тарас ауылында  көптен күткен медициналық пункті ашылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Осы уақытқа дейін бұл ауыл тұрғындары 1973 жылы салынған ғимаратта ем-дом қабылдаса, енді оларға су  жаңа мекемеде медициналық көмек көрсетіледі. Тұрғындардың  қуанышты сәтімен аудан әкімі Есім Сейілханұлы, ауданның бас дәрігері Салтанат Мықтыбаева құттықтады.

Ауыл халқының қуанышын еселеп,  медициналық орталықтың ірге тасының қалануыан “Қыдырәлі” шаруа қожалығының жетекшісі Мақашев Төлеген сеп болды.  Жаңа әлеуметтік нысанның  ішінде  фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай жабдықталып, ауылдағы 400 тұрғынның барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге сақадай сай.

- Енді мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға көмек көрсетіледі. Қандай да шұғыл жағдай орын алып жатса, күндіз-түні қызмет көрсетуге дайынбыз,- дейді медбике Ақмарал Нұралинова.

Ауылдағы медициналық пунктінің ашылғанына  аймақтың қариялары дән риза.  Енді олар кез келген мәселе бойынша жергілікті мамандарға жүгіне алады.

Айта кетейік, мемлекет қолдауының аясында Тарас ауылында 2018 жылы жаңа мектеп пайданалуға берілсе, өткен жылы ауылдың кірме жолы жасалған.

Пікірлер