Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрады

265
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті. Өңір басшысының айтуынша, Атырау облысы республика бойынша инвестиция тартудан көш бастап тұр.

- Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестицияның 13%-ы Атырау облысына тиесілі. Ал биыл 6 айда шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Баршыңызға белгілі Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аяқталуда. Осы жоба аясында өңірге биыл 840 млрд. теңге инвестиция құйылды. Дегенмен, аймақта өзге салаларды дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді,- деді С.Шәпкенов.

Жыл басынан бері Атырауда жалпы құны 46,1 миллиардтан асатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын басталады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің батысындағы мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жылына 1,25 млн. тонна полиэтилен өндіретін «Силллено» зауыты мен  жылына 1 млрд. текше метр газ өндіретін Ескенедегі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жылдары  бутадиен, синтетикалық каучук шығаратын «Бутадиен» зауытының және газ бөлу кешенінің құрылысы басталады деп күтілуде.

Пікірлер