Кезектен тыс сайлау өткізуге 45 миллиард теңге жұмсалмақ

2788
Adyrna.kz Telegram
Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz

Қазақстанда күзде өтетін президенттік сайлауға 20 млрд теңге жұмсалады. Ал 2023 жылғы парламенттік сайлауға шамамен 25 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақша Үкімет резервінен бөлінеді.

«Қазір ОСК есеп жүргізіп жатыр. Шамамен 20 миллиард теңгені құрайды. Неліктен шығындар өсуде? Біріншіден, ең төменгі жалақы көтерілді. Сайлауға байланысты барлық шығындардың 90%-ы – сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы. Өткен сайлауға 65 мың адам қатысты. Биыл қатысушылар саны 70 мыңнан асады. Ең төменгі жалақыны ескере отырып  жалақыларын есептеу жұмыстары жүргізіледі», – деді Савельева.

ЕТЖ 2023 жылы 70 мың теңгеге дейін өсетінін ескерсек, Парламент сайлауына 25 миллиард теңге қажет.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер