АҚШ еңбек министрлігі шетелдік көмекке бөлінген 38 миллион долларлық гранттарды жойды, оның ішінде Өзбекстанның мақта өнеркәсібіне қатысты жоба да бар. Бұл туралы министрліктің басшысы Лори Чавес-Деремер мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Министрдің айтуынша, бұл қаржы АҚШ-тың ішкі басымдықтарына қайта бағытталуы тиіс.
Жойылған жобалардың ішінде "Өзбекстанның мақта өнеркәсібінде ашықтық пен есептілікті арттыру" бағдарламасы да бар. Бұл жобаға 2022 жылы 2 миллион доллар бөлінсе, 2025 жылы тағы 1 миллион доллар бөлу жоспарланған еді.
Бағдарлама 2022 жылдың тамыз айында басталып, 2026 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс болған. Оның басты мақсаты - еңбек жағдайларын жақсарту, мәжбүрлі еңбекті жою, халықаралық еңбек стандарттарын енгізу.
Алайда жоба АҚШ-тың жаңа саяси басымдықтарына сәйкес жабылды.
Politico басылымының мәліметінше, АҚШ үкіметі жалпы сомасы 27 миллиард долларды құрайтын 5300-ден астам халықаралық гранттар мен келісімдерді жойды.
Бірақ АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін 900-ге жуық бағдарламаға қаржыландыру жалғасады.о