“3,9 млрд теңге ”: Гүлмира Сатыбалды мемлекетке келтірген залалды толық өтеді

1883
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бірнеше нысан бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Тергеу сатысында қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал толық өтелген.

«Сонымен қатар, Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады», - делінген Антикор хабарламасында.

Күдікті адамдар күзетпен ұсталып, тергеу жалғасуда.

Еске салайық, 17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер