БҚО-да ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды

3675
Adyrna.kz Telegram

БҚО-да ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 8 тамызда болған. Баланың денесін анасы тапқан. Әйелдің айтуынша, оның үш баласы көшеде ойнап жүрген. Бірақ кешке қарай үйге екеуі ғана оралған. Мұны білген әйел бір сағат бойы аудан бойынша кіші ұлын іздеген. Кейін үйінің ауласына кіріп, ескі жұмыс істемейтін тоңазытқыштың ішінен бүлдіршіннің денесін тапқан. Анасы жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде баланың өлімін тіркеді.

– Бұл кеңестік тоңазытқышта есіктің металл тұтқасында орналасқан автоматты құлыптау жүйесі бар. Егер сіз есікті итерсеңіз, құлып жабылып қалады. Тоңазытқыштың сыртындағы тұтқаны тартып алғанша тоңазытқышты ішінен ашу мүмкін емес, – деп хабарлайды Полиция департаментінің өкілі Дариға Мәжитова.

Сотқа дейінгі тергеу аясында баланың мәйітіне медициналық зерттеу тағайындалды. Аталған факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер