Қазақстанда 1 градусқа дейін аяз күтілуде

2063
Adyrna.kz Telegram

Қазгидрометтің синоптиктері Қазақстанда 8, 9 және 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Болжам бойынша, солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалында республика аумағының басым бөлігінде салқын ауа райы сақталады, тек Қазақстанның оңтүстігінде күн жылы болады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады: 8 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте Қазақстанның батысында және солтүстігінде 1 градусқа дейін күн суытып, жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Қазақстанның солтүстік жартысында түнде 2-12 градус, күндіз 15-25 градус; батыста түнде 2-14, күндіз 10-24 градус жылы; орталықта және шығыста түнде 1-18, күндіз 15-32 градус жылы; оңтүстік жартысында түнде 10-23, күндіз 20-35 градусқа дейін жылы болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер