«Тунадан Орхонға жібек жолы раллиі» Қазақстанға келді

2199
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен «Шығыс Батыс достық және бейбітшілік раллиі» қауымдастығы елдер арасында мәдени байланыстарды арттыру мақсатында «Тунадан Орхонға жібек жолы раллиі» атты жобаны қолға алды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл жобаға Түркияның сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және туризм министрлігі, Еуропа Одағының басшылығы жан жақты қолдау көрсетті.

Халықаралық жоба Түркі мемлекеттері тәуелсідіздігінің 30 жылдығына орай басталуы керек болатын. Алайда пандемияға байланысты  кейінге шегерілді.

Раллиге қатысушылар көліктеріне түркі мемлекеттерінің туларын жабыстырып, барған елдерінде түркі әлемі туралы  ақпарат беруде.

Мажарстан астанасы Будапештте басталған шара Түркия, Грузия, Әзербайжанда жалғасты. Жоба қатысушылары Бейнеу порты арқылы Қазақ жеріне ат басын бұрып, 7 қыркүйек күні Түркістан қаласына келеді. Кейін Өзбекстанға барып, Қырғыз жерінде мәреге жетеді.

Айта кету керек, алғашқы рет өткізіліп отырған раллиге қатысушылар жалы көлемі 9100 шақырым жол жүреді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер