Жамбыл облысында мас жүргізуші ұсталды

1035
Adyrna.kz Telegram

Мас күйінде көлік жүргізген Жаңатас тұрғыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету айлығын өткізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республикалық және аудандық маңызы бар жолдарды күшейтілген режимде патрульдеуде. Сарысу ауданында айлық барысында Нива көлігін мас күйінде басқарған Жаңатас қаласының 57 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жол қозғалысы ережесін өрескел бұза отырып, қашып кетуге тырысқан.

– Сондай-ақ, бұрын күдіктінің сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оған сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді Сарысу АПБ бастығы Асхат Алметов.

“Қауіпсіз жол” айлығы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында өткізіледі. Айлық басталғаннан бері Сарысу АПБ қызметкерлері 943 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, мас күйінде көлік құралын басқарған 4 жүргізуші ұсталды. 28 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер