“Не масқара”: Журналистке аурухананың мінін айтып сұхбат берген такси жүргізушісіне кешірім сұратқан

2796
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Екі күн бұрын “Алматы” телеарнасының тілшісі Әлібек Шынтемір Алматы облысы  Райымбек аудандық орталық ауруханасының ахуалы сын көтермейтінін айтып, желіге жариялаған еді. Тілші дайындаған сюжетте  1989 жылы салынған медициналық мекеме әлі күнге күрделі жөндеу жұмысы жасалмағанын көрсетіп, тұрғындардан сұхбат алған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сұхбаттың бірін такси жүргізушісі Әлібек Дәлденбаев берген еді.

«Әйтеуір диагнозды ұялы телефонға қарап, қояды. Өздері ауруды таба алмайды ғой. Оқымаған түк білмейді. Оқыған білімі жететіндер келсе ғой», – деді Нарынқол ауылының тұрғыны Әлібек Дәлденбаев.

Алайда сұхбат берген Әлібектен кешірім сұратып, видеоны тілшіге қайта жолдаған. Айтуынша, видеоны жолдаушы сіз жариялаған ақпарат қате деген көрінеді.

“Не масқара?! Сұхбат берген қарапайым таксистті қудалап, тауып алып кешірім сұратып, видео жазып алып, оны ұялмай маған жіберіп тұр.

Дәрігердің мінін айтқан адаммен күрескенше, дәрігер маман тапшылығын жойсаңдар етті.

Қарапайым таксистті төмпештегенше есі 5 емханаларыңды жаңартып, 1989 жылдан бері жөндеу көрмеген ауруханаларыңды айтып, билікке жеткізіп жасырмай жөндетіп алсаңдар етті…

Сіз шулатқан жағдай өтірік болып шықты не дейсіз деп.

Қаңтар оқиғасына қатысы барларды мұнша қудалап, қорламаған шығар. Қит етсе етектен тартып, ананы айтып қойдың, мынаны жаздың, жаманымызды жасырмадың деп жүгендейтін адамдар, сондай билік өкілдері бар кезде қайтіп түзелеміз.

Мінін айтпаса медицина қайтіп түзелсін?! Мен күніне жүз адамнан сұхбат аламын, бәрін тауып алыңдар онда…Арсыздар…”, деп журналист Instagram парақшасына жариялаған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер