Алматыда “науқас” баланың еміне ақша жинаған алаяқ екі қыз ұсталды

2749
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram/dariya_aleksandrova
Фото: Instagram/dariya_aleksandrova

Алматыда “науқас” баланың еміне ақша жинаған екі қыз ұсалды. Бұл туралы Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Барлығы белгілі блогер, актриса Дария Александрованың алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына арыздануынан басталды.

Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрай отырып, қолдан жасалған құжаттарды пайдаланып, парақшасына пост жариялауға көндірген. Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, көмекке шақыруды назардан тыс қалдырмай, белсенді түрде қаражат аудара бастады.

"Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы қылмысқа күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алуда қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Күдіктілердің бірі спортшы, таэквандомен айналысқан. Бұрын оның заңмен мәселелері болған және ұрлық үшін жауапқа тартылған. Оның құрбысы С.есімді азаматша – маникюр жасау шебері. Қазір тергеушілер бұл деректен басқа да эпизодтар бар-жоғын анықтап жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер