Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізілмек

4076
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық ұйымдар қаржыландыратын қоғамдық бірлестіктер Қазақстанда өтетін сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатыса алмайды.

Әділет министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, мұндай шешім шетелдіктердің еліміздегі дауыс беру процесіне ықпал етпеуі үшін қабылданды. Егер бұл өзгеріс қолдау тапса, аккредиттеуден сайлаумен бұрыннан айналысып келетін үкіметтік емес ұйымдар ғана өтеді.

Айта кетерлігі, қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында қызу талқыланып жатыр.Оған 200-ден астам ұсыныс түсті. Бауыржан Тұрғанбаев, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының м.а.:

- Сайлау процесіне тек кәсіби байқаушылар ғана қатысуы керек. Олар тиісті заңнаманы жетік меңгеруі тиіс. Өйткені олар бүкіл науқанның ережеге сай өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Шетелдіктер тарапынан бұл процесті қаржыландыруға немесе оған кедергі жасауға заңмен тыйым салынған. Саяси партиялардың құрамында да шетелдіктер немесе азаматтығы жоқтар кіргізілмейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер