Алматы облысында 40 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

3576
Adyrna.kz Telegram

Пара алу көбейіп барады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облыстық департаментінің мамандары алғашқы жартыжылдықта осындай 45 қылмысты әшкерелеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. «Өйткені мемлекеттік қызметкерлер мердігерлерден көбіне атқарылған жұмыс актісінің жалпы құнында көрсетілген ақшаның белгілі бір бөлігін талап етеді», – дейді департамент басшысы Данияр Тұрғанбаев. Өткен алты айдың қорытындысы бойынша 89 заңбұзушылық анықталса, соның 80-і жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қатысты. Қылмыстың дер кезінде ашылуының арқасында қазынаға 97 млн теңге қайтарылған. Ведомствода кәсіпкерлер құқының қорғалуына үлкен басымдық берілген. Алматы облысында кәсіпкерлік нысандарының жұмысына заңсыз араласу бойынша 6 дерек тіркеліп, 1 лауазымды қызметкер сотпен жауапкершілікке тартылды. Данияр Тұрғанбаев, СЖҚІҚ бюросы Алматы облыстық департаментінің басшысы: "Жемқорлықтың алдын алу мақсатында 59 жиналыс өткіздік. Негізгі біз парақорлықпен көбірек кездесеміз. Мысалы, биылғы жартыжылдықты айтсақ, 45 факті әшкерелеп отырмыз. Соның өзінде 40 адам, 40 мемлекеттік қызметкер парақорлықпен ұсталып отыр". Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер