Абай атындағы ҚазҰПУ-да диплом беру қатаң түрде ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады

3185
Adyrna.kz Telegram
Фото: kaznpu.kz
Фото: kaznpu.kz

Соңғы уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жалған дипломдарын анықтау жағдайлары жиілеп кетті. Университет басшылығы бітіруші түлек білім беру бағдарламасын толық көлемде меңгергеннен кейін және қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғаннан кейін диплом беруді қатаң бақылай отырып Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратынын жауапкершілікпен мәлімдейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істеп келгендері анықталған еді. Жалған диплом Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің атымен жасалған болатын.

Осының алдын-алу үшін, 2021 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайын университеттің Директорлар кеңесімен бекітілетін өзіндік үлгісіндегі дипломдарды береді. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда қорғаныш белгілері және QR коды болады.

Өткен жылы Абай атындағы ҚазҰПУ бірқатар тұлғалардың өтінішері бойынша жалған дипломдар анықталған жағдайларды тексеруге бастамашылық жасап, тиісті органдарға жүгінген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер