Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаздың туыстары командирлерін жазалауды талап етуде

3969
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook Бибигуль Рамазан
Фото: Facebook Бибигуль Рамазан

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаздың туыстары оның командирлерін жазалауды талап етуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Orca.kz сайтының хабарлауынша, жақында оның 18 жастағы әріптесіне қатысты тергеу аяқталды. Жауынгердің алдағы тағдырын сот шешеді. Алайда Қалбайдың туыстары бұл нәтижеге наразы.

Айта кетейік, Әлібек Қалбай сәуір айында Жамбыл облысына қарасты әскери бөлімде қайтыс болды. Әскерге шақырылушы жасақтау кезінде есін жоғалтып, қайтыс болған еді. Бұл қызмет басталғаннан кейін төрт күн өткен соң орын алған оқиға. Әскерге қабылданған адам ант беруге де үлгермеді. Әлібектің денесінен көгерген жерлер мен сызаттар табылған. Тергеу нәтижесінде өлімнің себебі күш көрсету екені анықталды. Әскери прокуратура Қалбайдың өліміне қатысы бар әріптесіне қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады. Қазір іс сотта зерттелуде. Ал командирлер тәртіптік жаза алды.

«Аманжолов Айболатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберіліп жатыр. Бірақ бұл тергеуге көңіліміз толмайды, өйткені мұндағы кінәлілер тек Айболат емес, біздіңше. Лауазымды тұлғалар: офицерлер, сержанттар – олардың үстінен екі ай бұрын қылмыстық іс қозғалған. Бірақ қазір тергеу қай сатыда, тергеуші бізге түсініктеме беруден бас тартып отыр», – дейді марқұмның туысы Рысгүл Төлегенова.

Аталған іс бойынша телеарна журналистеріне ҚР Бас әскери прокурорының аға көмекшісі Еркін Қожахмет түсініктеме берді.

«Қатардағы жауынгер Аманжоловқа қатысты Қылмыстық кодекстің 440-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Қазіргі уақытта күдікті Аманжолов сот қаулысымен қамауға алынды. Қызметтік кемшіліктері үшін әскери бөлім командирі Доспаев пен оқу ротасының командирі Төлебаев қызметтерінен босатылды. Бөлімше командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұралиев пен әскери оқу орнының бастығы Әлімовке қатаң сөгіс жарияланды», - деді ол.

Маусым айында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери борышын өтеу кезінде өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюіне қатысты пікір білдіріп, олардың өліміне тек армия ғана кінәлі емес екенін айтқан болатын.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер