28 жастағы келіншек үшемді өмірге әкеліп, алты баланың анасы атанды

3940
Adyrna.kz Telegram

28 жастағы түркістандық Қымбат Сарыбайқызы Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп, алты баланың анасы атанды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі айтты, хабарлайды «Адырна» тілшісі.

— Қазір үш қыздың жағдайы бірқалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз, — деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы.

Жас ана керемет сезімге бөленіп, қатты қобалжып жүргенін жеткізді.

«Ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен алғыс айтамын, дәрігерлері керемет! Құдайға шүкір, жолдасым мен енем жанымда болды. Қазір үйде бүкіл отбасым күтіп отыр, өте қуаныштымын! Болашақта тағы балаларым болады деп ойлаймын»,– деді ол.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы көпбалалы отбасыға қала әкімнің құттықтауын жеткізіп, арнайы сыйлықтарды табыс етті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер