Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге оқ атқан адамға кісі өлтірді деген ресми айып тағылды. Іс прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
41 жастағы Тэцуя Ямагами өз кінәсін толық мойындады. Ол сонымен бірге бомба жасауға тырысқанын айтты. Бұған дейін полиция оның үйіне тінту жүргізіп, бірнеше қолдан жасалған қару мен жарылғыш заттарды тапқан болатын.
-->