Жанармай жетпейді: транзиттік рейстерге жанармай құю тоқтатылды

2615
Adyrna.kz Telegram

Алматы әуежайында техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құю тоқтатылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әуе айлағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шектеулер авиациялық отынның жетіспеушілігіне байланысты.

«Жергілікті де, импорттық та жанармайдың жетіспеуіне, сондай-ақ уақытылы жеткізілімдегі мәселелерге байланысты жолаушылар мен коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құюды тоқтатты. », - делінген хабарламада.

Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Алматы әуежайында чартерлік рейстерде ұшақтарға жанармай құю тоқтатылған болатын.

Пікірлер