Алматы әуежайында техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құю тоқтатылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әуе айлағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шектеулер авиациялық отынның жетіспеушілігіне байланысты.
«Жергілікті де, импорттық та жанармайдың жетіспеуіне, сондай-ақ уақытылы жеткізілімдегі мәселелерге байланысты жолаушылар мен коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құюды тоқтатты. », - делінген хабарламада.Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Алматы әуежайында чартерлік рейстерде ұшақтарға жанармай құю тоқтатылған болатын.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
