Украинада билік құруды армандаған ұлт сатқындарының есімдері белгілі болды - УҚҚ

3784
Adyrna.kz Telegram

"Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Украинаны «басып алғаннан» кейін елде жалған әкімшіліктер құруды жоспарлаған.  Оларды Украинадан әлдеқашан қашып кеткен аймақ партияларының бұрынғы функционерлері, сондай-ақ тыйым салынған "Оппозиционная платформа за жизнь" партиясының өкілдері "басқаруы" керек еді". Бұл туралы Украина қауіпсіздік қызметінің спикері Артем Дехтяренко "Главком" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Дехтяренко бұрынғы саясаткерлер Ресей әскерлерінің қолдауына сүйеніп, билікке қайта оралғысы келетінін атап өтті. Оның айтуынша, ақпан айында Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі қарсаңында олар Ресей мен Беларусьтің шекаралас аймақтарына өтіп, олардың біразы Қырымда болған.

Ол сондай-ақ Украинада билік құруды армандаған Кремль қолбасшыларының есімдерін атады. Әңгіме бұрынғы Қорғаныс министрі Павел Лебедев, Қауіпсіздік Кеңесінің бұрынғы басшысы Александр Якименко, бұрынғы Ішкі істер министрі Виталий Захарченко, ҰҚК хатшысының бұрынғы орынбасары Владимир Сивкович, Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Андрей Клюев туралы болып отыр.

«Бұл адамдар осы уақытқа дейін белгілі бір шешімдердің қабылдануына әсер етіп, бұрынғы қол астындағы қызметкерлерімен байланыста болу арқылы ең құпия ақпаратқа қол жеткізіп отырды», - деп атап өтті Украина қауіпсіздік қызметінің спикері.

Дехтяренконың айтуынша, Сивкович пен Клюев Мәскеуде ФСБ бақылауында жұмыс істейтін «саяси кеңсе» құрғанын атап өтті. Олардың Украина саясатындағы байланыстары әлі де кең және олар ФСБ-ға Украина азаматтарының қайсысын басқыншылық құрылымына жұмысқа алып, пайдалануға болатыны туралы ұсыныстар беріп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер