Атырау облысында заңсыз жолмен пайда тапқан директор сотталды

2288
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында заңсыз жолмен пайда тапқан "Азия ТЭГ" және "Евро-Азия ТЕМП" ЖШС директорына қатысты  тергеу аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сүйенсек, аталған серіктестіктердің басшысы 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мың тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 796,5 миллион теңгеге өткізіп, заңсыз пайда тапқан.

"Сондай-ақ ол "Евро-Азия ТЕМП" ЖШС-нің директоры бола тұра, 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 990 миллион теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, серіктестік басшысы кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

"Рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңы негізінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер