Интернет-сайттардың бірінде жаңа туған балалар сатылған

2310
Adyrna.kz Telegram

Алматы прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік интернет сайтын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа туған балаларынан бас тартқысы келетін әйелдер сәбилерін уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз бейтаныс адамдарға сатқысы келген.

Сонымен қатар сайтта балаларды заңсыз жолмен асырап алғысы келетін адамдардың жаппай хабарландырулары бар екені анықталды.

«Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды. Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген»,— делінген хабарламада.

Пікірлер