Тоқаев: "Саяси ойындарға тосқауыл қойып, өткенге жалтақтамауымыз керек"

2534
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі түрлі саяси ойындардың жолын кесу керегін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

"Елінің дамуына лайықты үлес қосқан қоғамдық-саяси көшбасшыларын, ғылым және мәдениет қайраткерлерін қадір тұтпайтын халықтың келешегі де бұлыңғыр болмақ. Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның Тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет. Оның саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті бағасын бермек," – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі ұрпақ өкілдері еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек екенін айтты.

"Біз бәріміз халық ретінде, ең алдымен, еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Біз өткенге жалтақтамай, жарқын болашағымызға зор сеніммен қадам басуымыз керек", - деді ол.

Полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы оларды адал қызмет етіп,  жұмыстың жаңа үлгісіне көшу керектігін айтты.

 

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер