Депутат жағдайы төмен халыққа 100 миллиард теңге таратуды ұсынды

4245
Adyrna.kz Telegram

Депутат Аманжан Жамалов министрлер кабинетінің азық-түлік бағасын тежеуге қатысты жүргізіп жатқан шараларын сынға алды. Бұл туралы ол парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәжілісмен инфляция мәселесіне тоқтала келе, елімізде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың мақсатты шаралары қажет екенін атап өтті.

«Үкімет бағаның өсуін тежеу ​​үшін револьверлік деп аталатын жүйені, басқаша айтқанда, сауда желілерін жеңілдікпен несиелеуді қолданады. Оған 81 миллиард теңге жұмсалды. Тағы 16,8 миллиард теңге тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жұмсалды. Бұл сома 100 млрд теңгеге жуық болып тұр. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Баға өсті. Бұл ақшаны сауда желілеріне емес, халыққа тікелей таратқан дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық кедей адам бар, бағаның өсуінен олар ең көп зардап шегіп отыр, – деді депутат.

Пікірлер