Украина әскери техникасының 50 пайызынан айырылғанын мәлімдеді

2921
Adyrna.kz Telegram

Украина әскерлері ұрыс кезінде әскери техникасының 50 пайызынан айырылды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Владимир Карпенко айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Белсенді шайқастар нәтижесінде шамамен 30-40%, ал кейде 50%-ғадейін техника шығыны бар. 1300-ге жуық жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, 400 танк, 700 артиллериялық жүйе жоғалды»,– деді ол.

Карпенконың айтуынша, Батыс елдерінен жеткізілетін қару-жарақ Украина қажеттілігінің 15 пайызын жабады.

«Біз көптеген қару-жарақ жүйесін алдық, бірақ, өкінішке қарай, мұндай жаппай жұмсалған ресурспен олар біздің қажеттіліктеріміздің 10-15 пайызын ғана жабады. Украинаға артиллериялық оқ-дәрілер, жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналары, жауынгерлік машиналар, танктер қажет»,– деп сөзін толықтырды вице-министр.

Пікірлер