Жаңадан құрылған үш облыс үш түрлі бағытта даму керек - Сырымбек Тау

3081
Adyrna.kz Telegram

Кәсіпкер Сырымбек Тау Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық Құрылтай мүшелерінің алдында ұсынысын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Біріншіден, жаңадан құрылған үш облыс үш түрлі бағытта дамыса дедім. Мәселен, облыстың бірі денсаулық саласын мықтап қолға алса, екіншісінде білім саласы қарыштаса, ал үшіншісінде бизнес қанат жайса, игі болар еді.

Әр өңірдің мүмкіндігіне қарай осы жағдайларды тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді.

Бұдан бөлек осы облыстардағы аудан орталықтары мен кейбір ауылдарды үлгілік нұсқа ретінде салықтардан босатып, еркін экономикалық аймақ ашсақ.

Сол үлгіге алынған моноқалалар мен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытып, Еуропадағыдай көркейген елді мекендерді ашуға болады. Батыстың тәжірибесіне сүйене отырып, жерінің асты бай, даласы кең Қазақстанда мұндай мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді. Құрылтай - мүмкіндіктер мен ұсыныс алаңы! Сөзіміз іске өтсін!”, - деді ол.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер