Қасым Аманжол Ұлттық құрылтайда көтерілуге тиіс мәселелерді тізбелеп берді

667
Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz

Белгілі журналист Қасым Аманжол Ұлттық құрылтайда көтерілуге тиіс мәселелерді тізбелеп айтып берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы      

"Құрылтайда ескертусіз оқ атып өлтіру бұйрығын бергені үшін халықтан кешірім сұрала ма? Қаңтарда алаңға шыққан жастарға амнистия беріле ме? (Аса ауыр қылмыстарға қатысы нақты дәлелденбегендерді). Марқұмдар отбасы мен зардап шеккендерге түгелдей, алаламай көмек тағайындала ма? Қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалғандар тізімі жариялана ма? Қаңтарда халыққа оқ атқан, атқызған солдаттар мен офицерлер қашан қамалады? Экс-президенттің ҰҚК бірінші орынбасары болған інісі мен туған інісінің қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғына жауап қашан беріледі? Олар елде ме, қайда? Жаңаөзенде наразы болып тұрған жұмысшылар мен жұмыссыздар мәселесі, жалпы елдегі жұмыссыздық, табыстың аздығы, жаппай кедейлену, қайыршылану мәселесін билік қалай шешпек? Назарбаев әулеті жекешелендіріп алған миллиардтаған активтер қайтарыла ма? Түрлі жолмен жекеге өткен миллиондаған гектар жерді оралту ойы бар ма? Жайылымсыз қалған ауыл мәселесін шеше ме?", — деп жазды ол фейсбук парақшасында.

Сондай-ақ журналист сайлау туралы, саяси партиялар туралы заңдардың түбегейлі өзгерісі мен саяси тұтқындарды босату туралы  мәселелер қозғалу керектігін атап өтті.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket