Алматылық ЖОО 117 млн теңгеге кітап сатып алуды жоспарлаған

2917
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сатып алу жүйесіне жүргізілген мониторинг барысында кітап сатып алу барысындағы қымбатшылық фактісін анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биыл мегаполистің жоғары оқу орындарының бірінде 117 млн теңге сомасына бір дана көлемінде кітап сатып алу жоспарланған болатын. Мониторинг барысында сипаттамаларда тауарлардың атауы, сондай-ақ жоғарыда аталған кітаптың авторы жоқ екендігі анықталды»,– делінген хабарламада.

Мекеме мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру кезінде техникалық қателік жібергенін хабарлады. Университеттің мәліметінше, бұл шығын бір кітапқа емес, бір лотқа жоспарланған.

Айта кетейік, Антикор 2021 жылға арналған мониторинг бойынша 13 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алдын алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер