Финляндия Швециясыз НАТО-ға мүше болудан бас тартады

2168
Adyrna.kz Telegram
Фото: Shutterstock/Fotodom
Фото: Shutterstock/Fotodom

Финляндия президенті Саули Ниинисте НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергке Финляндия Швециясыз ұйымға мүше болудан бас тартатынын ескертті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  NRKтелеарнасына сілтеме жасап.

Ниинистенің айтуынша, егер Түркияның қарсылығына байланысты Швецияның мүшелігі кейінге шегерілсе, Финляндияда да НАТО-ға мүше болудан бас тартады.

"Себебі, Швецияның мәселесі біздікімен ортақ. Біз жақын араласатын елміз. Менің бұл шешімім бір мақсатпен алға жылжып келе жатқанымызды білдіреді", - деді Ниинисте.

Столтенберг Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өтінішін талқылау үшін Финляндияға барады.

Еске салайық, мамырда екі ел НАТО мүше болуға өтініш берген еді. Алайда Түркия президенті Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамай альянсқа кірмейді деген болатын. Ердоғанның сөзінше, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатуы тиіс.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер