Митинг мәдениеті сақталмағандықтан кісі өлімі орын алды

2331
Adyrna.kz Telegram
Фото: кадрдан алынды
Фото: кадрдан алынды

Алматыда митинг мәдениеті сақталмағандықтан адам өлімі орын алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Алматыдағы Короленко 8 бен Гагарин даңғылы қиылысында орналасқан 5 қабатты үйдің тұрғындары «Терра» жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен ұзақ уақыт бойы соттасып жүр. Олар «Терра» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының меншігіндегі қонақтарға арналған автотұрақ беруді талап етеді, себебі олардың үйінің жанынан жаңа тұрғын үй кешені салынғаннан кейін тұрақта орын жоқ.

Кеше олар рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, Гагарин даңғылын жауып тастады.

Нәтижесінде Короленко 8-үй тұрғындарының бірі адамдар бөгеп тастаған жолмен өткісі келген көлік жүргізушісін қағып кеткен. Салдарынан ер адам басын асфальтқа соққан. Бүгін ер адам қайтыс болды.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер