“13 жыл бойы осы сәтті күттім”: Жоғалып кеткен қырғызстандық Атыраудан табылды

2042
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

13 жыл бұрын жоғалып кеткен Қырғызстан азаматын Атырау полицейлері тапты. Бұл туралы Polisia.kz.жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2011 жылы Атырауға Қырғызстан Республикасының екі азаматы киім сатуға келген. Сол жылы бірі Отанына оралуды ұйғарып, екіншісі сонда қалған. Олар соңғы рет 2013 жылы телефон арқылы сөйлескен. Содан бері 13 жыл байланыста болмаған.

Бірнеше жылдан кейін туыстары оны іздестіруді бастаған, бірақ нәтиже болмады. Кейін Атырау облыстық Полиция департаменті басшысы құрған арнайы жедел-іздестіру тобы азаматты іздеуге кіріскен. Хабарсыз кеткен әйел жақындарына ренжіп, олармен байланысын үзуді жөн санаған.

Хабар-ошарсыз кеткен әйелдің туысы тәртіп сақшыларына жемісті жұмысы және оның отбасымен қауышуына көмектескені үшін алғыс білдірді.

"Жоғалған жақындарды 13 жылдан кейін кездестіруге көмектескен полиция қызметкерлеріне рақмет. 13 жыл бойы армандап, осы сәтті күттім. Қуанышымда шек жоқ!" - деп туысқандар көзіне жас алды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер