Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекеттік хатшы құрылтай жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтетінін атап өтті. Ал жаңа консультатив-кеңесші орган құрамына депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ, өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді.
"Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі - қоғамдық нығайтуды одан әрі дамыту бойынша идеялар дайындау", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-арнасында.
Айта кетейік, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы бір айдан кейін өтетінін айтқан болатын.
”Адырна” ұлттық порталы