Президент Шри-Ланка халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

998
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/33858d6a-d0c3-4822-b2b1-e8c8a1230d07.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, дер хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті. «Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.
Комментарии