Шымкент-Арыс тасжолында жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті

2175
Adyrna.kz Telegram
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкент-Арыс тасжолында жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы OTYRARсайтына сілтеп. 

Оқиға 6 маусымда Шымкент-Арыс тасжолы бойында, Абай ауданы Алтын төбе тұрғын үй алабында болған. Шымкент-Қожатоғай бағытында келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусынан өрт шыққан. Жолаушылар өртенген автобустан секіріп түсуге мәжбүр болған. Өрттің шығу себебі белгісіз.

Өрт салдарынан автобустың 1974 жылғы жүргізуші зардап шеккен. Оның денесінің 25 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ, бір жолаушы жарақат алған. Екеуі де Шымкенттегі гипербарикалық оксигенация орталығына жатқызылған. Зардап шеккендердің жағдайы орташа.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер