Түркияда қонақүй өртінен 76 адам қаза тауып, аза тұту күні жарияланды

1208
Adyrna.kz Telegram
Фото: en.apa.az
Фото: en.apa.az

Түркиядағы Болу қаласындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйде болған өрттен 76 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта олардың 52-сінің денесі анықталды.

Өрт 12 қабатты ағаш ғимараттың төртінші қабатынан басталған. Оқиға кезінде қонақүйде 238 адам болған. Кейбір қонақтар ғимараттан терезе арқылы секіріп шыққан. Олардың екеуі қаза тапты. Басқалары төсек жаймалары мен көрпелерді байлап, төмен түсуге тырысқан.

Өрт таңертең басталып, 10 сағаттан кейін ғана сөндірілген. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, тергеу жұмыстары жалғасуда. Ішкі істер министрлігі тоғыз адамның қамауға алынғанын хабарлады. Олардың арасында қонақүй иесі де  бар.

Өрт салдарынан 22 қаңтар Түркияда  жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Үкімет отырысынан кейін президент Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оқиғаға кінәлілердің лайықты жазасын алатынын айтты.

«Қайғылы оқиғаға қатысы барлар мен абайсыздыққа жол бергендер заң алдында жауап береді. Әділеттілік қатаң түрде қамтамасыз етіледі», – деді президент.

Ұлттық аза тұту белгісі ретінде Түркияның барлық аймағында және шетелдегі өкілдіктерінде тулар таңертеңнен кешке дейін жартылай түсірілді.

Ердоған осы ауыр кезеңде саясаттан бас тартып, ел болып бірлік танытуға шақырды.

«Қазір саясаттың емес, бірлік пен қолдаудың уақыты. Барлығын – саясаткерлерді, бұқаралық ақпарат құралдарын және жергілікті билікті азаматтарымыздың қайғысын бөлісуге шақырамыз», – деді ол.

Президент сонымен қатар міндеттерін дұрыс орындамағандарға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Пікірлер