Абай облысының мәслихат хатшысы сайланды

3256
Adyrna.kz Telegram
Фото: zharar.com
Фото: zharar.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгіннен бастап құрылған Абай облысының мәслихат хатшысы сайланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір Семей қаласында Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтуде. Депутаттардың шешімімен хатшылық қызметті Қуаныш Сүлейменов атқарады.

Қуаныш Серқазыұлы 1973 жылы бұрынғы Семей облысының Шар қаласында туған. Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. Оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академияда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанған. Осы уақытқа дейін «Шалабай» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысы мәслихатының депутаттық құрамы бекітілген болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер