Абай облысындағы түрмеде сотталған адам жұмбақ жағдайда қайтыс болды

1220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/tүrmege-қamaldy-960x500.jpg?token=0a0568fe5b8c68516d022e7b30f97b2b

Абай облысындағы №20 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат қаза тапты. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода марқұмның денесінде көптеген жарақат іздері болғаны көрінеді.

Полиция болған оқиғаға қатысты қылмыстық істі

қозғады.

«Қылмыс жасады деген күдікпен бір адам ұсталып, мекеменің тәртіптік изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Комментарии