«Dauletten» қайырымдылық қоры 5 отбасыға қоныс той жасады

3381
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Dauletten» қайырымдылық қоры 5 отбасыға қоныс той жасап, ауыл мешітінде ерулік берді.

Аталған іс-шараға белгілі тележурналист, блогер ЖҚ «Dauletten қайырымдылық қорының» негізін қалаушы, қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дәулет Төлеутайұлы Мұқаев, «Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры Жасұлан Бостандықұлы Қуандық, қала-аудан әкімдігінің өкілдері, депутаттар қатысты.

«Dauletten» қайырымдылық қоры тарапынан қасиетті Рамазан айында «БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасы бастау алған болатын. Жоба барысында 5 отбасыны Солтүстік өңірге көшіру жоспарланған. Жобаға 2022 жылдың 5-15 сәуір аралығында 1311 өтінім келді. Алғашқы кезеңде өтінім берген қатысушылардың арасынан жоғары балл жинаған 20 отбасы таңдалып, психолог маманмен сұхбат жүргізді.

Келесі іріктеу кезеңіне жиыны 10 отбасы өткен болатын. Соңғы кезеңде жоба қатысушыларымен қордың қамқоршылық кеңес мүшелері, сондай-ақ ҚР Парламент Сенат дупаттары, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депуттары, қоғам белсенділері, журналистермен сұхбат жүргізді. Оның ішінде Дана Нұржігіт, Ләззат Мұратқызы, Досымжан Таңатаров, Нағашыбек Алдан және т.б. тұлғалар қатысты.

Қоныс аударатын жандардың атқаратын жұмыстарына, бизнес идеяларына мән берілді. «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасында үздік 5 отбасы таңдап алынды.

Пікірлер