Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды

2809
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram
Фото: Instagram

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды. Бұл туралы Алматы қалалық соты баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Олардың мәліметінше, үшінші маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын. Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны белгілі болды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді. 

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты. 

Ал 18 наурызда Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзарғаны хабарланды. 

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер