Еркін Тәтішевтің суреті Монако көшесінде ілініп тұр

2941
Adyrna.kz Telegram

Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы – Еркін Тәтішев «Жылдың халықаралық кәсіпкері» атағын иеленді. Оның суреті Монако көшелерінің бірінде ілініп тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл 21 ақпанда Алматыда EY ұйымдастырған  "Жыл кәсіпкері-2021" байқауында қазылар алқасының шешімімен Еркін Тәтішев «Жыл кәсіпкері-2021» атағын жеңіп алған болатын. Ол маусымда Монте-Карлода өтетін байқаудың халықаралық финалына Қазақстан атынан қатысуға мүмкіндік алған.

Entrepreneur of the Year (Entrepreneur of the Year) – әлемдегі 35 жылдық тарихы бар кәсіпкерлерге арналған ең беделді халықаралық байқау. Байқау әлемнің 60 елінде өткізіледі және мінсіз беделге ие. Қазақстандағы байқаудың ұлттық кезеңі 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, содан бері оған экономиканың түрлі салаларынан 800-ден астам отандық кәсіпкер қатысып, алты жеңімпаз Монакода ел намысын қорғаған болатын.

Еркін Тәтішевтің Kusto Group компаниясы әлемнің 10 елінде танымал, 20 жылдық тарихы бар. Компания мұнай-газ, құрылыс және дамыту салаларындағы, агроөнеркәсіп пен тау-кен өнеркәсібіндегі тұрақты қызметтен басқа жалпы сомасы 1,1 миллиард теңгені құрайтын әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық бағдарламалармен белгілі.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер