Байқоңырда 200-ден аса адам ҚР-ның әнұранын орындады

3089
Adyrna.kz Telegram

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Байқоңыр қаласының тұрғындары, жастары, түрлі сала өкілдері 3 маусым күні бір мезгілде ҚР мемлекеттік Әнұранын орындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Салтанатты шара алдымен жиылған жұртшылықтың алдына мемлекеттік көк туымызды ортаға әкелініп басталса, одан әрі Әнұранымыз жер кіндігі саналатын Байқоңыр қаласының төрінде шырқалды.

Шара барысында Байқоныр тұрғындарының рухы көтеріліп, егемендігімізді айқындайтын мемлекеттік рәміздерге құрметі шексіз екендігін жеткізді.

Байқоңыр жастарымен қатар түрлі сала өкілдері белсене қатысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорқау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, денсаулық саласының мамандары, қаржы саласының мамандары, жұмыспен қамту орталығы, ішкі істер министрлігінің өкілдері, «Amanat» партиясы және шекара қызметкерлері болды. Жалпы жиынға жиналғандар 200 адамды құрап, шеру соңында жастардың қатысуымен ҚР рәміздерінің 30 жылдығы бейнеленген санымен қорытындыланды.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер