«Balapan» телеарнасы республикалық балалар фестивалін өткізді

2727
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» шеңберінде республикалық «BALAPANӘЛЕМІ» атты Open Air фестивалін өткізді. Мерекелік шара 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Нұр-Сұлтан қаласында, ерке Есіл жағасындағы амфитеатрда өтті.

Концерттік бағдарламада еліміздің бірнеше өңірінен келген 800-ге жуық талантты бала және эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Балаларды мерекемен құттықтап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров арнайы келді.

Министр Асқар Омаров алғы сөзінде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгілегені мәлім. Президент бұл жылды өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына жан-жақты қолдау білдіріп, оларға сапалы білім мен медициналық көмек көрсету аясында мемлекет тарапынан нақты іс-шаралар жасалуын баса айтты. Осы ретте, концерттік бағдарламамен қатар, балалар үшін мағыналы іс-шаралар өткізіп отырған «BALAPAN ӘЛЕМІ» балалар фестиваліне қош келдіңіздер деймін.

Бұдан бөлек, министр «Балалар жылы» аясында атқарылған іс-шараларды айта келе,«Balapan» телеарнасының эфирден тыс жасапжүрген жобаларына тоқталды: «Контент жасаудан бөлек, балалар арнасы 2021 жылы әлеуметтік маңызды «Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебін» ашты. Жоба ерекше балаларға анимацияны оқытып, олардың қоғамның белсенді мүшесі болуына жол ашады. Бұған қоса, биыл телеарна заманауи балалар әндеріне байқау жариялады. Оның жеңімпаздары да алдағы күндері жарияланбақ. Бес жеңімпазға корпорация тегін клип түсіріп, телеарналардан көрсетеді».

«Qazaqstan» телеарнасымен бірлесе атқарылған концерттік бағдарламада Гүлнұр Оразымбетова, Ұшқын Жамалбек, Нұрлан Әлімжандар әннен шашу шашса, Роза Әлқожа қызы Ясина Айдынқызы және Жігер Ауыпбаев шәкірті Айдос Кәденмен дуэт құрды.  Сондай-ақ, фестивальдедомбыраның құлағында ойнайтын 100 баладан құралған құрама оркестр халық композиторларының күйлерін орындап, би ансамбльдері флешмоб биледі. Балалар арнасынан түлеп ұшқан, бүгінде үлкен сахнада жүрген танымал өнерпаздар қонақ ретінде келіп, құттықтауларын арнады.

Айрықша атап өтерлігі, фестивальге көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мен ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Олардың қатарында Қарағандыдан арнайы келген, республикалық «Домбыра-Дастан» байқауында бас жүлдені жеңіп алған күйші Нұрдәулет Сағатбек те бар.

Сонымен қатар, амфитеатр аумағында ұлттық спорт және ойын-сауық алаңдары ұйымдастырылып, түрлі сайыстар мен асфальтқа сурет салу байқауы өтті. «Balapan» әлемі» атты кітап көрмесі мен астаналық мектепішілік қолөнер үйірмелері мен шебер балалар дайындаған қолөнер бұйымдарынан жәрмеңке жайылды. Көңілді аниматорлар мен цирк әртістері де фестивальге келген мерекенің көркін қыздырды. Фестивальге келген кішкентай қала тұрғындары мен қонақтары барша шараға қызыға қатысып, танымал әнші және спортшылармен естелікке суретке түсті.

Еліміздің барша өңіріндегі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында фестиваль «Balapan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар, Ұлытау облысы, Абай облысы, Маңғыстау облысы  және Қызылорда облысы әкімдіктерінің қолдауымен балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, тікелей байланыс арқылы қосылды.

Айта кетелік, салтанатты кеште «Balapan»-ның жаңа маусымындағы жаңалықтары айтылып, телеарнаның жаңа бейнесі таныстырылды.

Аталған фестиваль «Balapan» телеарнасының «Балалар жылы» шеңберінде ұйымдастырған алғашқы шарасы емес. Балалардың сүйікті арнасы биыл бұдан бөлек «Самға, Balapan» және «Balapan көктемі» атты концерттер өткізді. Көгілдір экраннан кішкентай көрермендеріне дайындаған базарлықтары да мол. Жаңа телевизия маусымында балаларды отаншылдыққа, бауырмалдыққа, білім мен ғылымға баулитын 22 мультхикая мен телебағдарламалар ұсынады.

Пікірлер