Жергілікті аурулардың алдын алу және бақылау орталығы Нигерияда маймыл шешегімен ауырған адамдардың арасында алғашқы өлім жағдайының тіркелкенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2022 жылдың 29 мамырындағы жағдай бойынша аурудың барлығы 21 жағдайы расталды, оның біреуі өліммен аяқталды. Иммунодепрессивті препараттарды қабылдаған 40 жастағы науқас қайтыс болды»,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, инфекция Нигерияның Адамава, Лагос, Байелса, Дельта, Кросс-Ривер сынды бірнеше аймағында анықталды.
«Адырна» ұлттық порталы