23 жер телімін жеке меншікке заңсыз берген: Заңгер Оралдың экс-әкімін сотқа беруді талап етті

2995
Adyrna.kz Telegram
Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Заңгер Бақытжан Базарбек Оралдың бұрынғы әкімін «23 жер телімін жеке меншікке заңсыз берді» деген айыппен жауапқа тартуды талап етеді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Сот Орал қаласының әкімдігі «Ақжайық» ӘКК басшылығымен бірлесіп, 2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін» деген желеумен 23 жер телімін, жер кодексінің 48-бабын бұза отырып, МЖК (аз қабатты тұрғын үй кешендері), жанар-жағармай құю станциялары, автокешендер және басқа да коммерциялық нысандардың құрылысы үшін бірқатар АЖ және ЖШС-ін заңсыз бергенін анықтады.», - деп жазады заңгер Бақытжан Базарбек өз парақшасында.

Оның айтуынша, жер телімдері кадастрлық құны бойынша одан әрі сатып алу құқығымен жекенің қолына өтіп, жер телімдері берілген инвестициялық жобалар жүзеге аспай қалған.

Фото: Facebook/ Бақытжан Базарбек

Базарбек «Ақжайық» ӘКК-ге қатысты «Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалғанын айтады. Адвокат Орал қаласының бұрынғы әкімін жауапқа тартуды талап етеді.

Бұған дейін заңгер Бақытжан Базарбек Оралда «Кублей» консерві зауытының маңында орналасқан «Циолковский» тұрғын үй кешенін салу кезінде үлкен жанжал шыққан кезде жер телімдерінің заңсыз берілгенін мәлімдеген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер