"Болат Назарбаевтың оң қолы" деген Қоспаев 15 жылға сотталды. Топтық үкім

1325
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚМА
Фото: ҚМА

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Болат Назарбаевқа қатысты аталатын Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобы мүшелеріне үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

11 адам рейдерлікпен айналысты, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деп айыпталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ AV-Construction, Profit Trade Ltd, Azovita Aktau, Azovita Atyrau сияқты компанияларды басып алу күдігіне ілінген болатын.

Елдос Қоспаев 15 жылға сотталды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтейтін болады.

Айта кетейік, ағайынды Елдос, Айдос, Айбек Қоспаевтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС сияқты ірі бизнестерді басып алған болатын. ҚМА бұған қатысты тергеуді аяқтап, Алматыдағы Айдос Қоспаевқа тиесілі «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлкіне тыйым салған еді.

Кейін Қаржы мониторинг агенттігі бірнеше үлкен бизнесті басып алған ағайында Қоспаевтарға қатысты тағы бір қылмысты анықтаған еді.

«Алайда, биыл қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» базасына жалған ақпарат енгізу арқылы құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген», - деп хабарлайды ҚМА.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, оларды қамаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 13 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер